Түркістан қаласында Қызылорда тас жолы бойындағы «Қарашық» өзенінің аумағында «Мөлдір бұлақ» жалпыұлттық экологиялық акциясы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, су көздерінің тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Акция барысында өзен жағалауы санитарлық тазартылып, тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, жасыл желектерді күтіп-баптауға ерекше көңіл бөлінді.
Шара соңында сенбілікке белсенді қатысқан азаматтарға алғыс білдіріліп, арнайы сый-сияпаттар табысталды. Қатысушыларға арнап дастархан жайылып, ортақ еңбектің нәтижесі жоғары бағаланды.
🌱 Табиғатты қорғау – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

Comments are closed