Оқу ордамызда топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Жастардың құқықтық мәдениеті – жаңа Конституция бойынша жауапты азаматтықтың негізі» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының Конституциясының маңызын түсіндіру және жастар арасында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру болды.
Тәрбие сағаттары барысында студенттерге ҚР Конституциясы, оның қоғамдағы рөлі мен маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілік және құқықтық мәдениеттің қоғам дамуындағы орны туралы маңызды мәліметтер ұсынылды.
Іс-шара аясында пікірталастар, сұрақ-жауап сессиялары және түрлі интерактивті тапсырмалар ұйымдастырылып, студенттердің белсенділігі арттырылды. Білім алушылар өз ойларын еркін білдіріп, құқықтық тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Comments are closed