Оқу ордамызда топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтанышымыз» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – білім алушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің маңызын түсіндіру, олардың шығу тарихы мен мән-мағынасын таныстыру, сондай-ақ жастардың бойында отансүйгіштік сезім мен ұлттық құндылықтарға деген құрметті қалыптастыру.
Іс-шара барысында білім алушыларға Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар мемлекеттік рәміздердің авторлары, тарихи маңызы және ел өміріндегі орны туралы айтылды. Білім алушылар өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, мемлекеттік рәміздерді құрметтеудің маңыздылығы жөнінде пікір алмасты.
Тәрбие сағаты жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырып, елге деген сүйіспеншілігін нығайтуға және патриоттық рухын көтеруге ықпал етті.

Comments are closed