Колледжімізде «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша білім алушылардың біліктілік емтихандары демонстрациялық емтихан форматында алынуда.
Емтихан барысында студенттер мамандық бойынша меңгерген теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, бағдарламалау, веб-ресурстарды әзірлеу және ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу бағытындағы кәсіби дағдыларын дәлелдеуде.
Аталған емтихан білім алушылардың кәсіби құзыреттілігін бағалауға, практикалық дайындығын анықтауға және еңбек нарығына бейімделген жас маман ретінде қалыптасу деңгейін саралауға мүмкіндік береді.
Білім алушыларға сәттілік тілейміз!
#АхметЯсауиКолледжі

Comments are closed