Жастардың бойындағы отаншылдық, білімге құштарлық, жаңашылдық пен еңбекқорлық – еліміздің жарқын келешегінің негізі. Ел Президенті атап өткендей, нағыз отаншылдық ең алдымен адал әрі табанды еңбектен көрінеді:

«Отаншыл, білімпаз, жаңашыл, талапты, еңбекқор адамдар елдің көшін алға бастайды. Риза болатыным: мен осы қасиеттерді өскелең ұрпақтың бойынан анық көремін. Жастарымыз әрдайым жақсылыққа ұмтылады, еліміздің келешегіне зор сеніммен қарайды. Нағыз отаншылдық дегеніміз бұл – жемісті, табанды еңбек. Әр саладағы еңбек – маңызды, оның жаманы немесе ұлтқа зиян әкелетіні болмайды. Еңбек бұл – ең жоғары деңгейдегі қасиетті дүние. Ал, мемлекеттің міндеті – осындай еңбекқор адамдарға лайықты құрмет көрсету, оларды марапаттау. Алысқа көз тігетін жасампаз ұлттың шынайы болмысы осындай болады.»

Біздің колледж үшін де білімді, талапты, жаңашыл әрі еңбекқор жас ұрпақ тәрбиелеу – басты міндеттердің бірі. Әрбір студенттің ізденісі, білімі мен еңбегі – ел дамуына қосылған үлес.

#

Comments are closed