«Өндірістегі 10 күн» акциясының 7-күні студенттер үшін кәсіби тәжірибені тереңдетіп, өндірістік ортадағы нақты жұмыс үдерістерімен танысуға арналды.
Білім алушылар өндіріс орындарындағы жұмыс барысын бақылап, мамандардың тәжірибесімен танысып, теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар еңбек тәртібі, жауапкершілік, қауіпсіздік талаптарын сақтау және кәсіби дағдыларды жетілдірудің маңыздылығына назар аударылды.
Осындай тәжірибелік жұмыстар студенттердің болашақ мамандығына деген қызығушылығын арттырып, еңбек нарығына бейімделуіне және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді.

#

Comments are closed