Білім беру мен өндіріс арасындағы байланысты нығайту, оқытушылардың кәсіби тәжірибесін жетілдіру мақсатында «Оқытушының өндірістегі 1 күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқытушылар өндіріс орнының жұмыс үдерісімен танысып, заманауи технологиялар мен құрал-жабдықтардың қолданылуын бақылап, мамандармен тәжірибе алмасты. Сонымен қатар қазіргі еңбек нарығының талаптары мен болашақ мамандарға қажетті кәсіби дағдылар жөнінде пікір бөлісті.
Мұндай тәжірибелік кездесулер оқу үдерісін өндірістің нақты талаптарымен ұштастыруға және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Comments are closed