«Кітапханаға – саяхат» атты ашық есік күні аясында кітапханашы М.Жумадуллаеваның ұйымдастыруымен 1 курс студенттеріне кітапхана бойынша таныстыру саяхаты өткізілді.
Іс-шара барысында білім алушылар кітапхананың жұмыс тәртібімен, кітап қорымен және қолжетімді ақпараттық ресурстармен танысты. Студенттерге қажетті әдебиеттерді іздеу, кітаптарды тиімді пайдалану және кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесудің басты мақсаты – студенттердің кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітапхананы тұрақты пайдалануға ынталандыру және рухани-танымдық дүниетанымын кеңейту.
Іс-шара соңында қатысушылар оқырман билетін рәсімдеп, оқырман формулярларын толтырды.
📖 Кітапхана – білім мен ізденістің, рухани дамудың маңызды орталығы!

Comments are closed