Колледжімізде ұйымдастырылған «Өндірістегі 10 күн» акциясы өз мәресіне жетті.
Он күн бойы студенттер өндіріс орындарында болып, мамандықтарына сай нақты жұмыс үдерісімен танысты, тәжірибелі мамандардан кәсіби кеңес алды және теориялық білімдерін практикамен ұштастырды.
Акция барысында білім алушылар еңбек тәртібін, кәсіби жауапкершілікті, ұжыммен жұмыс істеу мәдениетін меңгеріп, болашақ мамандықтарына қажетті тәжірибе жинақтады. Бұл кезең студенттердің өндірістік ортаға бейімделуіне, кәсіби қызығушылығы мен біліктілігін арттыруға мүмкіндік берді.
«Өндірістегі 10 күн» – студент үшін жай ғана тәжірибе емес, болашақ мамандыққа жасалған маңызды қадам.
Акцияға қолдау көрсеткен өндіріс орындары мен мамандарға алғыс білдіреміз, ал студенттерімізге алдағы кәсіби жолында сәттілік пен жаңа жетістіктер тілейміз! 👏

Comments are closed