«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің жастары Түркістан қалалық полиция басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын түсіндіру, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың заң мен тәртіпті сақтауға деген жауапкершілігін қалыптастыру.
Шара барысында студенттер полиция қызметінің негізгі бағыттарымен танысып, құқық қорғау органдарының жұмысы туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар білім алушыларға олардың құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылыққа жол бермеу және заң талаптарын құрметтеу бағытында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шара жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және жауапты азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал етті.

Comments are closed