2026 жылдың 24–29 қыркүйек күндері аралығында колледждің 1–2 курсында білім алатын кәмелетке толмаған студенттер арасында «Толеранттық, ақпараттық қауіпсіздік және құқықтық мәдениет деңгейін анықтау» тақырыбында анонимді сауалнама жүргізілді.
Сауалнаманың негізгі мақсаты – білім алушылардың құқықтық мәдениеті мен толеранттық деңгейін, ақпараттық-психологиялық қауіпсіздігін, цифрлық сауаттылығын анықтау, сондай-ақ интернет кеңістігіндегі түрлі көзқарастарға, кибербуллинг пен жалған ақпараттарға қатысты стресс-толеранттылық деңгейін бағалау.
Сауалнаманы колледждің әлеуметтік педагогы А. Тураева мен педагог-психолог Б. Бекенова ұйымдастырып, өткізді.
Зерделеу нәтижесінде білім алушылардың әлеуметтік желілердегі белсенділігі негізінен оқу-білім, спорт, мәдени-шығармашылық іс-шаралар, кәсіптік бағдар, отбасылық құндылықтар және жеке қызығушылықтар тақырыптарына бағытталғаны анықталды.
Сонымен қатар колледжде кәмелетке толмаған білім алушылар арасында діни экстремизм мен терроризм идеяларының алдын алу, ақпараттық қауіпсіздік пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.
Аталған сауалнама нәтижелері алдағы уақытта білім алушылардың қауіпсіз ақпараттық ортада қалыптасуына, құқықтық сауаттылығын арттыруға және теріс идеологиялық ықпалдардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жетілдіру барысында ескерілетін болады.

Comments are closed