Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұжымы мен басшылығы Ахмет Ясауи Колледжінің директоры, кәсіподақ ұйымының төрағасы, экономика ғылымдарының кандидаты Кенжалиев Алтынбек Тұрлыбиұлының @altynbek.kenzhaliyev басқа қызметке ауысуына байланысты ерекше құрмет көрсетіп, көпжылдық жемісті еңбегі үшін алғыс білдірді.

Университет ректоры Жанар Амангелдіқызы @temirbekova.zhanar ректор өкілі Пеями Баттал Алтынбек Тұрлыбиұлының Ясауи университетінің қалыптасуы мен өркендеуіне қосқан елеулі үлесін, 30 жылға жуық уақыт бойы атқарған абыройлы еңбегін жоғары бағалады. Сондай-ақ білім беру саласындағы өнегелі қызметін ерекше атап өтіп, шынайы ризашылықтарын білдіріп, алдағы жаңа қызметіне толағай табыс пен сәттілік тіледі.

Университетіміздің алғашқы түлектерінің бірі Алтынбек Тұрлыбиұлы саналы ғұмырының 30 жылын өзі білім алған қара шаңырақтың өркендеуіне арнады. Осы жылдар ішінде оқытушы, декан орынбасары, колледж директоры және кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметтерін абыроймен атқарып, талай жастың қанат қағуына жол ашып, әріптестерінің құрметіне бөленді.

Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің @yassawicollege дамуына сіңірген еңбегі айрықша. Колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтып, білім сапасын арттыруға, білікті мамандар даярлауға және оқу орнының беделін көтеруге елеулі үлес қосты. Ұжымның бірлігін сақтап, қызметкерлердің мүддесін қорғауда да азаматтық ұстанымы мен іскерлік қабілетін танытты.

Қадірлі ұстазым, Алтынбек Тұрлыбиұлы! Сізден тәлім алып, өнегеңізді көрген шәкірттеріңіздің бірі ретінде еңбегіңізге деген құрметім ерекше. Ұстаздың ең үлкен жетістігі шәкірттерінің жүрегінен орын алып, артында өшпес із қалдыруы. Сіздің өнегелі жолыңыз бен адал еңбегіңіз кейінгі буынға әрдайым үлгі болып қала бермек.

Жаңа қызметіңіз құтты болып, абыройыңыз асқақтай берсін! Қай ортада жүрсеңіз де, құрмет пен қошеметке бөленіп, биік белестерді бағындыра беріңіз!

#

Comments are closed