«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жастар арасында нашақорлықтың және есірткі заттарының заңсыз айналымының алдын алу – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.
Қазіргі таңда интернет пен әлеуметтік желілер есірткі заттарын заңсыз тарату алаңына айналып отыр. Жасырын парақшалар, анонимді хабарламалар мен күмәнді ұсыныстар арқылы жүзеге асатын мұндай әрекеттер, әсіресе, жас ұрпақтың өмірі мен болашағына үлкен қауіп төндіреді.
Есірткі заттарын сатып алу, сақтау, тарату және заңсыз жарнамалау заң алдында жауапкершілікке әкеп соғады. Сондықтан әрбір жас интернет кеңістігінде сақтық танытып, күмәнді ұсыныстарға ермеуі, заңсыз әрекеттерден аулақ болуы және мұндай жағдайларға бейжай қарамауы қажет.
Біздің ұстанымымыз – есірткісіз қоғам, қауіпсіз орта және саналы ұрпақ!
Есірткіге – ЖОҚ! Заңсыз саудаға – ЖОҚ! Өз болашағың үшін дұрыс таңдау жаса!

Comments are closed