Колледжімізде студенттердің тұлғалық дамуына қолдау көрсету, өзіне деген сенімділігін арттыру және өмірлік мақсаттарын айқындау мақсатында Түркістан қаласының мастер-тренері, педагог-психолог, магистр Ш.Н. Абдирахманованың қатысуымен «Студент болу – үлкен мүмкіндік» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында студенттер түрлі психологиялық жаттығулар мен практикалық тапсырмаларға қатысып, өз ойларымен бөлісті. Кездесу аясында студенттік өмірдің құндылығы, жеке қабілеттерді дамыту, мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және болашаққа сеніммен қадам басу мәселелері қозғалды.
Еркін пікір алмасу мен тәжірибелік жұмыстар студенттердің өзін жаңа қырынан тануына, ішкі әлеуетін бағамдап, позитивті көзқарас қалыптастыруына мүмкіндік берді.
Студенттік шақ – өзіңді танып, мүмкіндіктеріңді ашып, жарқын болашағыңа жол бастайтын ерекше кезең!

Comments are closed