«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында №3 жатақхана студенттерінің қатысуымен тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, тазалық мәдениетін қалыптастыру, туған жердің көркеюіне үлес қосу және жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.
Акция барысында студенттер жатақхана аумағын қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтіру және абаттандыру жұмыстарына белсене атсалысты.
Табиғатты аялау – әрбір азаматтың міндеті. Қоршаған ортаға жанашырлық таныту үлкен істерден емес, осындай қарапайым игі қадамдардан басталады.
Тазалық – ортақ жауапкершілік! Туған жерімізді бірге көркейтейік!

#

Comments are closed