2026 жылғы 16 қараша күні ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Ә. Ысқақ ДТС-0926-2 тобының білім алушыларына «Expressing Opinions about Gender Equality Issues» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында заманауи оқыту әдіс-тәсілдері мен интерактивті тапсырмалар тиімді үйлестіріліп, білім алушылардың сабаққа белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды.
Білім алушылар ағылшын тілінде өз ойларын еркін жеткізіп, сыни тұрғыдан ойлау, өзгенің пікірін құрметтеу, сондай-ақ қоғамдағы тең құқықтар мен мүмкіндіктердің маңызын түсіну дағдыларын жетілдірді.
Ашық сабақтың мазмұны тілдік дағдыларды дамытумен қатар, білім алушылардың азаматтық көзқарасы мен өз ойын дәлелді жеткізу қабілетін қалыптастыруға бағытталды.

Comments are closed