«Digital Skills Week: Білім. Дағды. Инновация» апталығы аясында 2026 жылғы 17 қараша күні «Графика және жобалау» пәнінен оқытушы Ш. Нұртазаның ұйымдастыруымен ЭЕА-0926 тобының білім алушыларына «3D модельдердің текстурасы мен фактурасы» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақ барысында білім алушылар 3D модельдердің текстурасы мен фактурасының ерекшеліктерімен танысып, графикалық жобалау саласындағы практикалық дағдыларын жетілдірді.
Ашық сабақта цифрлық технологияларды тиімді пайдалану, шығармашылық қабілеттерді дамыту және үшөлшемді модельдеу бойынша білімдерін тәжірибеде қолдануға басымдық берілді.
Цифрлық сауаттылық – заманауи маманның басты құзыреттіліктерінің бірі!

#

Comments are closed