Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде «Сақшы» интерактивті ойыны мен әлеуметтік бейнероликтер байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Превенция және талдау әзірлемелері департаментінің басшысы Дәурен Райымқұлов, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Сабырғали Балғалиев, сондай-ақ оқу ордамыздың студенттері қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, алаяқтық пен қаржылық құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Байқау барысында белсенділік танытып, шығармашылық қабілеті мен азаматтық ұстанымын көрсете білген қатысушылар марапатталды. Осындай тағылымды жобалар жастардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырып, заңдылық пен адалдық қағидаттарын насихаттауға зор үлес қосады.

Comments are closed