Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров қазақ күресінен халықаралық аренада жоғары нәтиже көрсеткен колледж студенті Ернұр Әмірбековті арнайы марапаттады.
Айта кетейік, 2026 жылғы 11–14 қараша күндері Жезқазған қаласында төрт елдің жас спортшылары қатысқан, 2009–2010 жылы туған жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен Азия кубогі өтті.
Аталған халықаралық додада Ернұр Әмірбеков 70 келі салмақ дәрежесінде белдесіп, жүлделі III орынға ие болды.
Бұл – спортшымыздың табанды еңбегі мен қажырлы дайындығының жемісі, сондай-ақ колледжіміз бен ауданымыз үшін зор мақтаныш!
Ернұрды айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда сәттілік серігі болып, бұдан да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!

Жеңісті жолың жалғаса берсін, Ернұр! 🇰🇿

#

Comments are closed