Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен АИТВ инфекциясының алдын алуға, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға және медициналық сауаттылықты арттыруға бағытталған «БІРГЕ – АИТВ-СІЗ БОЛАШАҚҚА» атты қалалық ақпараттық-түсіндіру форумы өтті.

Аталған форумға оқу ордамыздың студенттері де белсене қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың АИТВ инфекциясы туралы білімін арттыру, оның алдын алу жолдарын түсіндіру, жеке денсаулыққа жауапкершілікпен қарауға шақыру, сондай-ақ АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты кемсітушілік пен стигманың алдын алу.

Форум барысында қатысушыларға АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары және уақтылы медициналық тексеруден өтудің маңыздылығы туралы маңызды ақпараттар ұсынылды. Сонымен қатар сала мамандары жастардың сұрақтарына жауап беріп, өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.

Мұндай ақпараттық кездесулер жастардың медициналық сауаттылығын арттырып қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстануға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және қоғамда толерантты көзқарас қалыптастыруға ықпал етеді.
Біз – салауатты өмір салтын қолдаймыз!
Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

#

Comments are closed