«Digital Skills Week: Білім. Дағды. Инновация» апталығы аясында 2026 жылғы 18 қараша күні оқытушы Ұ. Ильясованың ұйымдастыруымен колледж студенттеріне арналған «Cyber Quest: Цифрлық әлемдегі қауіпсіздік» тақырыбында сабақтан тыс іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында студенттер интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік ережелерімен, жеке деректерді қорғау тәсілдерімен, киберқауіптер мен фишингтік шабуылдардың алдын алу жолдарымен танысты.
Сонымен қатар интерактивті тапсырмалар мен танымдық ойындар арқылы білім алушылардың цифрлық сауаттылығы артып, ақпараттық қауіпсіздік бағытындағы практикалық дағдылары жетілдірілді.
Цифрлық қауіпсіздік – әрбір қолданушының жауапкершілігі! 🔐💻

#

Comments are closed