Бүгін оқу ордамыздың қызметкерлері және студенттерімен Қазақстандағы АЭС салу туралы үлкен жиын болды. Кездесуге Түркістан Ахмет Ясауи кәсіби колледжінің директоры А.Кенжалиев қонақтарды таныстырып, жиналыстың мақсатын хабарлады. Сөз барысында АЭС салу мәселесі бойынша пікірін жеткізді. Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғ.Сарсенбаев еліміздің энергетикалық дамуын арттыру жолында АЭС құрылысын салу аса қажет екендігін айтты. Түркістан қаласы депутаты Б.Абусейтов көрші Өзбекстан мемлекетінде де АЭС құрылысы салынып жатқандығын, бұл ел экономикасы дамуы үшін керекті мәселе екендігі туралы сөз қозғады. Келесі сөз кезегін алған Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ физика кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Саттарбек Бекбаев АЭС-ті салудың қоршаған ортаға еш зияны жоқ екендігін ғалымдардың ғылыми тұрғыдан дәлелдегенін айта кетті. Сондай-ақ дамушы мемлекеттер АҚШ, Жапония, Франция, Ұлыбританияда т.б. бірнеше АЭС-ң қазіргі таңда жұмыс жасап тұрғандығын тілге тиек етті. АЭС артықшылығы тұрақты әрі ұзақ мерзімді энергия көзін қамтамасыз ететіндігін айтты.
Ел экономикасын өркендету электр қуатына тікелей байланысты. Сондықтан АЭС салдырудың қажеттілігі, тиімділігі жайлы халыққа дұрыс түсіндіру жұмыстарын жүргізген абзал. Еліміздің экономикасы дамып, халқымыздың әл-ауқаты жақсара берсін деген тілекпен іс-шара қорытындыланды.
#АхметЯсауиКолледжі

#

Comments are closed