• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №340
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - ЖМ: 8:00 AM - 19:00 PM

Академиялық адалдық және парасаттылық талаптары пысықталды

Май 17, 2023 Жаңалықтар

Оқу ордамызда 2022-2023 оқу жылының жазғы сынақ-емтихандар сессиясы мен қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және жаңа 2023-2024 оқу жылына колледжге талапкерлерді қабылдау сұрақтары бойынша ұжымның жалпы жиналысы өткізілді.

Жиналыста сынақ-емтихандар мен қорытынды аттестаттауды өткізу кезінде әділдік пен ашықтықты қамтамасыз ету, әрбір білім алушыға жауапкершілік пен құрметпен қарау міндеттері түсіндірілді. Академиялық адалдық қағидаттарын бұлжытпай орындау оқытушы мен студентке ортақ міндет екендігі айтылды.

Күн тәртібіндегі 2023-2024 оқу жылына талапкерлерді қабылдау жұмысына байланысты сұрақтарды қарастырғанда Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және оның алдын алу мәселесіне басты назар аударылды. Колледж басшысы жылдан-жылға мемлекеттік тапсырыс көлемі ұлғайып, министрлік оқуға қабылдау жұмысын ашықтық форматында ұйымдастырып отырғандығын атап өтті. Оқуға қабылдаудың басты критериі талапкердің мектептегі үлгерімі (аттестаттағы немесе куәліктегі бағалары) болғандықтан, грант иегерін анықтау компьютерлік платформада әділ өткізіледі және оған ешкім сырттан ықпал ете алмайтындығына назар аударды. Ұжым мүшелеріне педагог мәртебесіне лайықсыз қадамдардан аулақ болуын, заң бұзушылық анықталған жағдайда қолданыстағы заң талаптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығы қатаң ескертілді.