2023 жылы 01-30.04 аралығында “Әлеуметтік және педагогикалық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің “Білекті-бірді жығады, білімді-мыңды жығады” тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушылары Г.Қалдыкөзова мен И. Фазилованың ұйымдастыруымен “Әке-асқар тау” әкелер форумы тақырыбында “Құқықтану”, “Есеп және аудит”, “Дене тәрбиесі және спорт” мамандықтарының арасында сабақтан тыс іс- шара өткізді. Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты әке орынының ерекше кенін ұғындыру, әкеге деген бала махаббатын ояту мақсатында “Мен баламды қаншалықты танимын” тақырыбында әкелермен тренингтер өткізілді. Отбасында әкенің орны бөлек. Әке сол шаңырақтың бар ауыртпалығын көтеретін, асырап бағуда да, жақсы тәлім- тәрбие беруге де міндетті адам. Балаға тәлім – тәрбие берумен бірге, олардың бойында ақыл – қайрат, білім – тағылым алуға үнемі көңіл аударып, жеке мән беруіне бағытталған мақал-мәтелдердің сыңарын табу, ән айту, отбасындағы жағдаяттық тапсырмалармен әкелер өз ойларын бөлісіп, алғыс білдірді.

Видеоролик https://www.facebook.com/100040361409688/videos/765395594982852/

#

Comments are closed