• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №340
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - ЖМ: 8:00 AM - 19:00 PM

«Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлері қатысуымен жиын өтті

Апр 13, 2023 Жаңалықтар

Ахмет Ясауи Колледжінде бірнеше облыстың «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының HR басқарма басшыларының қатысуымен студенттерді тәжірибе базаларымен қамту, академиялық дербестік бойынша өзара ынтымақтастықты арттыру және болашақ түлектердің практика барысында біліктіліктерін шыңдау және нәтижелі жұмыспен қамтылу туралы талқыланған жиын өткізілді.

Аталған іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»Жетісу облысы бойынша HR басқармасының басшысы — Айна Файзулдина, Жамбыл облысы HR басқармасының басшысы — Асхат Абдиваитов, Алматы облысы филиалының HR басқармасы басшысы — Байманова Жамила және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» Түркістан облысы бойынша HR басқармасының басшысы — Тулембаева Каракоз қатысты. Іс-шара соңында қонақтарға колледждің материалдық-техникалық базасы таныстырылды.