«Әлеуметтік және педагогикалық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы Д.Турсунов ДТС-0921-2 тобына “Бокс дене дайындығы” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтың мақсаты: Боксқа мамандандырылған студенттерді бокс әдістерін, тәсілдік іс-әрекеттерге, дене дайындық жаттығуларын үйрету.
Сабақ барысында оқушылар жоғары жетістіктерге жету үшін ең алдымен ұтымды әдістермен қатар, қажетті қимыл дағдыларды қалыптастыруда өздерін жан-жақты қырынан көрсете білді, топтық жұмыстар жасалынды. Сондай-ақ жан-жақты дайындықтың деңгейін көтеру себептеріне байланысты бокстың көп түрлі әдістік тәсілдерімен, бокс әдісінің жіктелуі, тұрыс және қозғалыс, ұрысқа қажетті тұрыс, адымдап орын ауыстыру, секіріп орын ауыстыру, боксшының тұрысы және қозғалысымен танысты. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, сабақ мақсаты айқындалып, оқушылардың мүмкіндіктері мен қабілеттері қамтылды.
Comments are closed