2023 жылы 23 ақпан күні “Гуманитарлық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің “Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді” тақырыбындағы апталық іс-шара жоспарына сәйкес, педагогика және психология пәнінің оқытушысы Т.Шәмшат “Дене тәрбиесі және спорт” мамандығы, ДТС-1122 тобының студенттеріне “Өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтың мақсаты – тәрбие процесінде өзін-өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу туралы түсіну, өзін-өзі тәрбиелеу әдістерін, құрамды бөлімдерін меңгеру.
Сабақ барысында тәрбие процесіндегі өзін-өзі тәрбиелеудің маңызы жайлы түсіндіріліп, өзін-өзі тәрбиелеудің әдістері қарастырылды. Өзін-өзі тәрбиелеу жайында «Менің атым Қожа» фильмінен үзінді көрсетіліп, Абайдың он бесінші қара сөзі арқылы білім алушылардың ой-пікірлері талқыланды. Сондай-ақ, білім алушылардың мамандықтарына қарай, сенімділікті ұялату, өзін-өзі бағалауға баулу, жақсы көңіл-күй сыйлау мақсатында «Баскетбол» және «Алып қадамдар», «Смс» әдістері қолданылып, сергіту сәті ретінде «Көзқарас» психологиялық жаттығуы жүргізілді.
Сабақты қорытындылау кезеңінде рефлексия, бүгінгі сабақта не білдім? нені үйрендім? нені білгім келеді? Осы жайлы білім алушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.
Comments are closed