2023 жылы 23 ақпан күні “Гуманитарлық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің география пәнінің оқытушысы С.Сайдуллаева ВДН-0922-2 тобының студенттеріне “Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді” тақырыбындағы апталық іс-шара жоспарына сәйкес, “Дамушы елдердің топтары” тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ашық сабақтың мақсаты – дамушы елдердің топтарымен таныстыру, ерекшеліктеріне тоқталу.

Сабақ барысында – дамушы елдердің жалпы сипаттамасы және оларға тән белгілері, жетекші дамушы, мұнай экспорттаушы, жаңа индустриялды, жалға пәтер беруші, даму деңгейі төмен және плантациялық шаруашылық елдерінің экономикалық дамуы қарастырылып, бейнебаян көрсетілді.

Топтағы оқушылар төрт топқа бөлініп, оларға:

– Фараон қазынасы;

– Тарсиа;

– СМС;

– Кескін карта әдістері қолданылып, сергіту сәті ретінде

– Нейрожаттығу мен Туды тап ойыны арқылы білім алушылардың білімдері бағаланды.

#

Comments are closed