• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №280
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - СБ: 8:00 AM - 19:00 PM

КММ дінтанушы, теолог мамандарының қатысуымен білім алушыларға ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ақпан 23, 2023 Жаңалықтар

2023 жылы 23 ақпан күні, сағат: 12:00-де Ахмет Ясауи Колледжі акт залында Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ дінтанушы, теолог мамандарының қатысуымен деструктивті діни ағымдардың алдын алу мақсатында «Деструктивті діни ағым жақтаушыларының ерекшеліктері» тақырыбында колледж білім алушыларына ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Деструктивті идеологиялардың таралуы еліміздің дін саласындағы өзекті мәселерінің бірі болып табылады. «Деструктив» деген сөзге талдау жасасақ, терминдік мағынасы бойынша бұл сөз латын тілінен «destructio», яғни бүлдіргіштік, залал тигізуге ұмтылыс, нәтижесіздік деген мағыналарды береді.

Деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзып, НЛП яғни нейро-лингвистикалық бағдарламалау тәсілін, басқа да психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып зиянын тигізетін ағымдар. Оларға мүше болған адамдар әлеуметтік ортадан оқшауланып, сол діни топтың уағызшыларына көзсіз бағынатын болады. Және де қоғамда қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен дәстүрлерді, өнер мен мәдениетті жоятын қоғамға қауіпті ұйым. Деструктивті ағымдарда жасырын психологиялық зорлық-зомбылық қолданылады.

Осы ретте, дін мәселесін зерттеумен айналысатын мамандардан құрылған ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысы да өз нәтижесін беріп, жат ағымдардың жолына тосқауыл бола алды деуге болады. Жат діни ағымдардың қызметінен зардап шегушілермен адрестік жұмыстар, оларды қалыпты ортаға қайта оңалту жұмыстары да жүргізіліп келеді. Діндер тарихына үңілетін болсақ сан жылдар бойы дін атын жамылған талай жымысқы жат ағымдар пайда болып, кейін қайтадан жойылып кетіп отырған. Сондай-ақ, деструктивті ағымдар ғаламтор арқылы жылдам таралуы да таң қалатын үрдіс емес. Сондықтан да біз өз мүмкіндігіміз бен қабілетімізді, ықпалымызды пайдаланып, өскелең ұрпақты жат ағымдардың идеологиясынан сақтап қалуымыз керек.

Іс-шара соңында «Елімізде діни білім алуға мүмкіндік бар», «Ғаламтордағы қауіпті діни псевдоуағызшылар» және «Қазақ ағартушыларының нақыл сөздері» тақырыптарында қатысушыларға бүктемелер тарқатылды.