2023 жылы 22 ақпан күні, «Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді» тақырыбындағы апталық іс-шара жоспарына сәйкес, “Тарихы терең – Түркістан” атты сабақтан тыс іс-шарасында бірлестік мүшелерімен бірге Ахмет Ясауи Колледж студенттері қаламыздың көрікті жерлері мен тарихи орындарына саяхат жасады.

Мақсаты – Қазақстанның ежелгі қалаларының бірі Түркістан, ондағы орта ғасырларда салынып, біздің заманымызға жеткен тамаша сәулет өнері ескерткіштерінің тарихы жайлы мағлұматтар беру, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау арқылы студент жастар бойында патриотизм, отаншылдық сезімдерін дамыту.

Музей қызметкерлері осында сақталған бейнелеу өнері туындылары, қазақ этнографиясының бірегей жинағы, сондай-ақ халықтардың этнографиялық бұйымдары, түрлі дәуірлер мен мәдениеттердің тұрмыстық заттары, фото және құжаттар коллекциясы туралы толық баяндап берді. Студенттер музейдің барлық залында болып, қаламыздың тұтастай тарихымен танысып, ерекше әсер алып қайтты.

#

Comments are closed