2023 жылдың 22 ақпанында «Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Ұлы тарих кемел келешекке жетелейді» атты апталық іс-шара жоспарына сәйкес «Тарих – ғасыр куәсі» тақырыбында ашылу салтанаты өтті.

Мақсаты – еліміздің ұлттық рәміздерін қастерлеуді жастар бойына сіңіру, отансүйгіштікке, елжандылыққа баулып, ұлы тұлғалардың ерен ерлігін үлгі қылып, насихаттау. Өткен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.

Іс-шара еліміздің ән ұранымен басталды. Колледж оқушылары ұлы тұлғалар жайлы мәліметтермен таныстырды:

– Қожа Ахмет Яссауидің туғанына – 930 жыл;

– Сұлтан Бейбарыстың туғанына – 800 жыл;

– Ұлы жүздің биі Төле бидің туғанына – 360 жыл;

– Бұқар жыраудың туғанына- 330 жыл;

– Қазақтың ұлы ханы Абылайдың туғанына – 310 жыл;

– Қазақтың батыры Махамбет Өтемісұлының туғанына – 220 жыл;

– Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына – 165 жыл;

– Ұлт-азаттық көтерілісі қолбасшысы Амангелді Имановтың туғанына – 150 жыл:;

– Ұстаз, жазушы Спандияр Көбеевтің туғанына- 145 жыл;

– Алаш қозғалысының мүшесі Мағжан Жұмабаевтың туғанына – 130 жыл;

– Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына – 130 жыл;

– «Қазақ» газетінің алғашқы нөмірінің шыққанына – 110 жыл;

– Әйгілі партизан жазушы Қасым Қайсеновтің туғанына – 105 жыл;

– Жазушы Ғафу Қайырбековтің туғанына – 95 жыл;

– Жазушы, драматург Қалтай Мұхамеджановтың туғанына – 95 жыл;

– Жазушы Оралхан Бөкейдің туғанына – 80 жыл;

– Мұрат Әуезовтің туғанына – 80 жыл;

– Теңгенің қолданысқа енгеніне – 30 жыл толуына орай,

осы рухани құндылықтарға, ұлттық дәстүрімізге жаңа қуат дарытқан ұлы тұлғаларымыздың биыл үлкен мерейтойлары аталып өтілуде…

Бірлестік төрайымы Ибрагимова Нургуль апталық іс-шара жоспарымен таныстырып өтті.

Халықсыз – тарих жоқ, тарихсыз – халық жоқ демекші кез-келген мемлекеттің басты құңдылығы ол оның өткен жолы. Ал, осы тарихты білу өскелең ұрпақтың міндеті.

#

Comments are closed