8-наурыз мерекесі қарсаңында Ахмет Ясауи Колледжінің Жастар ұйымының ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға Түркістан қалалық әйелдер алқасының төрайымы Ұлжан Мұстафаева, журналист Роза Нарымбет, ардагер ұстаз Зағира Мұстафаевалар арнайы қонақ ретінде шақырылды. Түрлі салаларда қаламыздың дамуына елеулі еңбегін сіңірген ардақты аналарымызға колледж әкімшілігі тарапынан қошемет көрсетілді. Сондай-ақ оқу ордамыздың дамуына үлес қосып келе жатқан ару ұстаздарымыз бен қызметкерлерімізге Түркістан қаласы әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Жиын соңы аруларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған колледж өнерпаздарының концертіне ұласты.

#

Comments are closed