• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №280
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - СБ: 8:00 AM - 19:00 PM

HTML тілі бойынша ашық сабақ өтілді

Наурыз 9, 2023 Жаңалықтар

«Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің информатика пәнінің оқытушысы Қ.Қожамұратова ЕТБ-0922-3 тобының студенттеріне «Web парақшаға мультимедиа нысандарын енгізу» тақырыбында ашық сабақ өтті.

Ашық сабақтың мақсаты: Веб-бетте мультимедиа нысандарын енгізу үшін HTML тегтерін қолдануды үйрету, HTML тілінің графикалық мүмкіндіктерін қолданып, өз бетінше веб-бет жобасын жасай алуға баулу. Тәрбиелік мәні — білім алушыларды өз бетінше сайт құру, ізденуге, Html web-ресурстармен жаңа технологияның тиімділігімен, шығармашылықпен жұмыс жасауды үйрету.

Сабақ барысында веб құжат денесіне графикалық сурет орнату туралы айтылып, арнайы тегтер түсіндірілді және практикалық тапсырма орындап, көрсетілді. Оқушылар Notepad++ бағдарламасында жеке тапсырмалар орындап, сайт құрды. «Ұяшықтарды толтыру», «Сәйкестікті анықта», «Интерактивті тапсырмалар» әдістері арқылы өтілген тақырып қорытындыланды. Сабақ соңында «Падлет» тақтасы арқылы, оқушылармен кері байланыс жасалды.