Астана қаласында Халықаралық аспаздар күніне орай ұйымдастырылған VII халықаралық «ASTAUfest – 2026» гастрономиялық фестивалінде «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінің студенті Абдраш Назерке «Кондитерлік іс» бағыты бойынша І орын иеленді.
Фестиваль Қазақстан мен шет мемлекеттердің болашақ аспаздары мен кондитерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдауға, тәжірибе алмасуға және гастрономия саласындағы инновациялық идеяларды дамытуға бағытталған.
Халықаралық деңгейдегі байқауда студентіміздің үздік нәтиже көрсетуі – кәсіби даярлықтың, шығармашылық ізденіс пен жүйелі еңбектің нәтижесі.
Жетекшісі – Алтаева Мадина.
Колледжіміздің мерейін асқақтатқан жеңімпаз студентіміз бен жетекшісін айтулы жетістігімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да кәсіби биіктерді бағындырып, толағай табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!

#

Comments are closed