«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жоспары аясында желтоқсан айының 30-ы күні колледж студенттерінің ата-аналарының қатысуымен «Жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг» тақырыбында жиналыс өткізілді.
Жиналысқа колледж директоры А.Кенжалиев, директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Д.Еркебалаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Надирбаев қатысты.
Жиналыста колледж директоры А.Кенжалиев оқушылар арасында құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг, кибербуллинг, лудоманияның алдын-алу туралы, колледждің ішкі тәртіп ережесінің, оқушылар формасының сақталуы, колледжде және колледжден тыс жерлердегі, қысқы демалыс уақытындағы және мереке күндеріндегі қауіпсіздікті қатаң сақтау, пиротехникалық құралдарды мүлдем пайдаланбау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, және ата-ана тарапынан бала қауіпсіздігін толықтай бақылауда ұстау туралы айтып өтті.
Comments are closed