Бүгін Түркістан облысының білім басқармасының мәжіліс залында «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII Республикалық чемпионатында «Мобильді робототехника» құзыреттілігі бойынша II орынды иеленген колледжіміздің студенттері Н.Сейдулла мен Қ.Тұрсынхан және жетекшісі Б.Мәмбетованы облыс әкімінің орынбасары Бейсен Дәулетұлы құттықтап, күміс медаль иегері атанған студенттерімізге облыс әкімі атынан 100 мың теңге ақшалай сыйлық табыс етті.
Колледж білім алушыларына алдағы жарыстарда үлкен сенім артамыз және толағай табыс пен жеңістер тілейміз!

#

Comments are closed