Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін жалпы білім беретін пәндер циклінің немесе модулінің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы №1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 10 қаңтарда № 31666 болып тіркелді.

Бұйрық негізіне сүйене отырып, “Түркістан Ахмет Ясауи” кәсіби колледжінің біршама оқытушы-қызметкерлеріне “Басымдықтар және жетілдіру стратегиялары колледжде” тақырыбында әдіскер Ә. Керімқұл әдістемелік семинар ұйымдастырды. Кәсіби білімдері мен оқыту шеберліктерін жетілдіріп келген, биология пәнінің оқытушысы Г.Өтешова және информатика пәнінің оқытушысы А.Халиллаева оқу ордамыздың білім беру қызмеркерлеріне, “Оқу мақсаттары жүйесін түсіну және оларды ойлау дағдыларының деңгейімен сәйкестендіруді үйрену” мақсатында семинар-тренинг ұйымдастырды. Оқытушыларымыз жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктерін түсіндіре отырып, “Қысқа мерзімді жоспар” үлгісімен таныстырды. Сонымен қатар, әлеуметтік педагог К.Арысбектің ұйымдастыруымен, “Колледж білім алушыларын педагогикалық-психологиялық қолдау” тақырыбында тренинг өткізілді. Мақсаты, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу, ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту, ойдың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру болып табылады.

#

Comments are closed