30 қараша күні «Бағдарламалау және дизайн» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің «Білімді елдің – болашағы жарқын» тақырыбындағы айлық іс-шарасының жабылу салтанатты жиыны өткізілді.
Айлық іс-шараның жабылу салтанатында бірлестік төрайымына сөз кезегі беріліп, іс-шарада жоспарланған ашық тәрбие сағаты мен ашық сабақтар, сыныптан тыс іс-шаралардың жоғары дәрежеде өткізілгенін атап өтіп, қорытындыланды. Сонымен бірге жабылу жиынында айлық іс-шара барысында негізгі ұйымдастырылған «Мен таңдаған мамандық» колледжішілік байқауының нәтижесі және Worldskills Kazakhstan стандарттары бойынша “Графикалық дизайн” құзыреттілігінен «JASSKILLS YASAWI 2023» колледжішілік демонстрациялық сайысының нәтижесі жарияланып, жоғары кәсіби шеберлігімен біліктілігін іс-жүзінде қолданып жеңіске жеткен студенттер арнайы сертификаттармен марапатталды.

#

Comments are closed