2023 жылдың 27 қыркүйек күні «Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжінде «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру мақсатында «Біз – оқуға құштар ұрпақпыз» кітапхана акциясына ерікті студенттер қатысты.
Мақсаты: жастарды оқуға тарту, оқылым деңгейін арттыру, кітапхана қызметіне ерікті түрде қатысуға ықпал ету.
Шара барысында кітапхана қызметкері К.Сүлейменова студенттерді кітап қорымен, әр мамандыққа қатысты оқулықтармен жан-жақты таныстырып, кітап оқудың маңыздылығы мен адам өміріне пайдасы туралы айтып, көркем әдеби кітаптарды оқуға шақырды.
Қатысушылар өздерінің қандай өнерге бейім екендіктерін айтып, кітапхана өміріне белсене араласатындықтарын жеткізді.

#

Comments are closed