Колледжімізде «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша қорытынды аттестаттау демонстрациялық емтихан түрінде өткізілді.
Емтихан барысында білім алушылар теориялық білімдерімен қатар, кәсіби дағдыларын, спорттық дайындық деңгейін, жаттығу әдістемесін дұрыс қолдану қабілетін және педагогикалық шеберліктерін іс жүзінде көрсетті.
Демонстрациялық емтихан студенттердің таңдаған мамандығына қаншалықты дайын екенін айқындап, олардың болашақ кәсіби қызметке бейімделуіне мүмкіндік берді.

Comments are closed