2024 жылдың 29 қаңтар күні колледжімізде «Техникалық және кәсіптік білім беру» кафедрасының ұйымдастыруымен «Worldskills стандарттары негізінде жұмысшы кадрларды озық даярлау мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. WorldSkills халықаралық стандарттарына бағытталған кәсіби шеберлік байқауларын ұйымдастыру, «WORLDSKILLS TURKІSTAN – 2024» облыстық чемпионатына қатысуға бәсекеге қабілетті командалар мен қатысушыларды дайындау мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға Түркістан облысының техникалық делегаттары, ТжКБ ұйымдарының чемпионатқа жауапты мамандары, сарапшы компатриоттар, құзыреттіліктер бойынша бас сарапшылар қатысты.

Әр құзыреттіліктер бойынша бас сарапшылар мен сарапшы компатриоттар өзара танысып, тапсырмаларды талқылап, ұсыныстарын ортаға салды.

#

Comments are closed