Бүгін «Гуманитарлық» пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің айлық іс-шарасы аясында Н.Жорабекова ЗҚТ-0923-3 тобына «Қазақстан тарихы» пәнінен «Дала өркениетінің тарихи және мәдени ескерткіштері» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Ашық сабақтың мақсаты: Рухани қайта өрлеу бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Сакральды Қазақстан» (Қазақстанның қасиетті жерлеріндегі географиясы) жобасы арқылы, жалпыұлттық маңызы бар рухани қасиетті жерлерді түсіндіру. Ашық сабақ барысында «Мықты болсаң тауып көр», «Тарсия» әдісі, «Білмейтіндер ұғынсын,ал білетіндер тағы есіне түсірсін», сабақты бекітуге жарнама жасау, шахмат ойыны, сәйкестендіру кестесі, Wordwall және кезбе тілші ойындары жүргізілді.

#

Comments are closed