2023 жылы қазан айының 10-ы күні “Әлеуметтік және педагогикалық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігі, “Дене тәрбиесі” пәні оқытушылары Ф.Мирзаханова мен Ж.Абдилазизовтің ұйымдастыруымен ДТС топ студенттерінің арасында “Дарабоз” интеллектуалдық сайысы өтті.
Сайыс ІІІ кезеңнен тұрды.
І-кезең. Суретке қарап мақалды тап
ІІ-кезең. «Дұрыс» және «Дұрыс емес» айдары
ІІІ-кезең. Сиқырлы ұяшықтар
Әр кезең бойынша аз ұпай жинаған немесе мүлдем ұпай жинамаған студенттер ойыннан шығарылып отырды.
Сайыс қорытындысы бойынша:
1-орын, 10 000 теңге иегері- ДТС-1121 топ студенті Каримова Динара
2-орын, 7 000 теңге иегері- ДТС-0922-1 топ студенті Бегдулла Нұғман
3-орын, 5 000 теңге иегері- ДТС-0922-1 топ студенті Ергешбаев Абдулазиз
Жеңімпаздарды құттықтап мақтау қағаздары мен ақшалай сыйлықтар берілді.

#

Comments are closed