2023 жылы 01-30.04 аралығында “Әлеуметтік және педагогикалық” пәндік (циклдік) комиссия бірлестігінің “Білекті-бірді жығады, білімді-мыңды жығады” тақырыбындағы айлық іс-шара жоспарына сәйкес 18.04 күні арнайы пәндер оқытушысы Ақмарал Байдуллақызы “Есеп және аудит” мамандығының студенттеріне “Экономикалық білім-бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу кепілі” атты сабақтан тыс іс-шара өтті. Іс шарада жеке мамандығының жеке кәсіпкер Allo! Pizza кәсібінің негізін қалаушы Төлбасы Бекмырза мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-нің есепшісі Оразбай Серікпен сұхбаттасты. Білім алушыларға жеке кәсіпкер Allo! Pizza кәсібінің тарихымен таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Есепші Оразбай Серік болашақ есепшілерге 1С бағдарламасының қыр сырын түсіндірді. Іс шара соңында студенттер арасында сайыс өтті. Сайыс жеңімпаздары жүлделі орындармен марапатталды.
Comments are closed