“Түркістан қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі” мен “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен қала жастарынан құралған еріктілер тобы және “Ахмет Ясауи Колледжі” ерікті жастарымен бірлесе отырып, 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесіне орай, “Қамқорлық” акциясы аясында Түркістан қаласындағы зейнеткер қария-апаларымыз Мейірбекқызы Мәрия апамыз бен Ерденова Бибисара апаларымыздың тұрғылықты мекен-жайларына арнайы барып, үй шаруасының жұмыстарына қолдау-көмек көрсетіп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Қарттарымызға қолдау көрсетуді мақсат тұтқан арнайы шарадан ерікті жастардың басын қосқан Түркістан қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімі мен Жастар ресурстық орталығына алғысымызды білдіреміз.

Аталған шарадан ерікті жастарымыз апаларымыздың алғысы мен ризашылығын алды. Бұл ізгі шараның басты мақсаты – жастар арасында еріктілер қозғалысын жандандыру, адамгершілік қасиеттер мен рухани құндылықтарды насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын дамыту.

Қарттарды қадірлеу жас ұрпақтың парыз-міндеті деп білеміз.

#

Comments are closed