Бүгін колледжімізде 1–2 курс қыз студенттерінің қатысуымен «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында түсіндіру кездесуі өткізілді.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірім қыздарға ерте жүктіліктің денсаулыққа тигізетін әсері туралы түсінік беру, жауапкершілікті арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Іс-шара барысында:
🔹 ерте жүктілік ұғымы және оның себептері;
🔹 ерте жүктіліктің денсаулыққа қауіптілігі;
🔹 оның алдын алу жолдары;
🔹 денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған маңызды әдеттер;
🔹 жасөспірім қыздардың жеке мәселелері бойынша пайдалы кеңестер мен түсіндірмелер талқыланды.
Кездесуге Қыздар кеңесінің төрайымы Н. Ибрагимова, мейірбике Ұ. Әнеш, педагог-психолог А. Тураева, Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік клиникасының гинеколог дәрігері А. Кулманбетова, топ жетекшілері және студент қыздар қатысты.
Денсаулыққа жауапкершілікпен қарау – жарқын болашақтың негізі!

Comments are closed