2023 жылы 03 наурыз күні “Ахмет Ясауи Колледж” мейірбикесі Е.Керуенбаеваның ұйымдастыруымен оқу ғимаратының акт залында колледжде оқитын жалпы оқушы қыздарға салауатты өмір салтын қалыптастыру және колледж қабырғасындағы қыз балалардың ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында “Ерте жүктіліктің алдын алу және қыз тәрбиесі” тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесуге Түркістан қаласы, “Рауан” клиникасының акушер-гинеколог маманы Ж.Әлімхан, қыздар кеңесінің төрайымы Н.Ибрагимова, педагог-психолог Б.Бекенова мен әлеуметтік педагог К.Арысбек және колледж оқытушылары қатысып, дәріс оқыды.
Кездесу барысында қыз балаларға тақырып төңірегінде ерте жүктіліктің негізгі проблемасы – жыныстық тәрбие туралы білімнің жеткіліксіз болуы, ерте жүктіліктің салдары, келешектегі қауіп-қатері арнайы маман тарапынан айтылып, “Ерте жүктілік деген не?”, “Ерте жүктіліктің нәтижесі мен зияны”, “Ерте жүктілік немен қауіпті?”, “Қыз бала тәрбиесі”, сондай-ақ кәмелет жасына толмаған жасөспірімді жыныстық қарым-қатынасқа тарту, зорлық-зомбылық көрсету заңды түрде қылмыстық жазаға тартылатындығы және т.с.с. сұрақтар төңірегінде әңгіме қозғалып, жауаптар берілді.
Comments are closed