• Түркістан қ., Тәуке хан даңғылы №280
  • Байланыс:+7 (72533) 3-10-11
  • ДC - СБ: 8:00 AM - 19:00 PM

Кезекті сабақтан тыс іс шара өтілді

Наурыз 1, 2023 Жаңалықтар

2023 жылы 28 ақпан күні «Гуманитарлық» (пәндік) циклдік комиссия бірлестігінің апталық іс-шара жоспарына сәйкес, бірлестік оқытушылары Н.Музарапова мен Т.Шәмшат және бірлестік мүшелерінің ұйымдастыруымен «Нәзік жүрек нақышы» тақырыбында колледж оқытушыларына оқу залында сабақтан тыс іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты — ұстаздарды құрметтеп, ардақтау. Аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар – өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

Іс-шара барысында «Анаға дұға» бейнеролигі көрсетіліп, «Аталар айтқан асыл сөз», заман талабына қарай аналардың түрлері, қазіргі жастар бейнесі сіздің көз қарасыңызбен бірнеше сұрақтар беріліп, ой-қозғау мен құттықтаулар айтылып, «Аяулы ана» әнімен аяқталды.