Оқу ордамыздың топ жетекшілерінің ұйымдастыруымен білім алушылар арасында есірткі заттарының зияны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа есірткінің адам денсаулығына, психологиялық жағдайына және болашағына тигізетін кері әсерін түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.
Кездесу барысында есірткіге тәуелділіктің ауыр зардаптары, оның адам өміріне, отбасына және қоғамға тигізетін зияны туралы айтылды. Сонымен қатар білім алушыларға өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, бос уақытты тиімді пайдалану, спортпен шұғылдану және дұрыс өмірлік таңдау жасаудың маңыздылығы түсіндірілді.
Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Әрбір жас өз болашағына бейжай қарамай, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстап, жарқын келешекке нық қадам басуы қажет!
Есірткіге жол жоқ! Салауатты өмір салтын бірге қолдайық!

Comments are closed