Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында колледж студенттері арасында «Сақшы» интерактивті ойыны өз жұмысын бастады.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеу және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Ойын барысында студенттер түрлі тапсырмалар мен өмірлік жағдаяттарды шешу арқылы өздерінің құқықтық білімдерін сынап, заң талаптарын күнделікті өмірде дұрыс қолдану дағдыларын жетілдіреді.
Сонымен қатар қаржылық сауаттылық, экономикалық қауіпсіздік, интернет-алаяқтықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және азаматтық жауапкершілік мәселелері қамтылады.
Интерактивті ойын қатысушылардың сыни ойлау, жылдам шешім қабылдау, топпен жұмыс істеу және түрлі жағдаяттарда дұрыс таңдау жасау қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Осындай тағылымды бастамалар жас ұрпақтың бойында заңға құрмет, адалдық, әділдік пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Заңды біл

#

Comments are closed